24 қыркүйек 2014 19:32

Қазақстандықтар Ригадан белсенді түрде жылжымайтын мүлік сатып алуда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото realty.rbc.ru сайтынан алынды Фото realty.rbc.ru сайтынан алынды

Қазақстан Ригадан жылжымайтын мүлік сатып алу мәселесінде Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында тұр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты. 


Қазақстан Ригадан жылжымайтын мүлік сатып алу мәселесінде Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында тұр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты. 

"Бізге Ригадағы қазақ бизнесі үшін жаңа болмаса да, жақсы ұмтылысты байқататын жайттарды көрсету аса маңызды. Сондықтан да, қазақ кәсіпкерлерінен түсетін қаржыға біз де қызығушылық танытып отырмыз. Қазақстандық азаматтардың жылжымайтын мүлікке салған инвестициясы жалпы топта ресейліктер мен украиндықтардан кейінгі үшінші орында тұр", - деп мәлімдеді Риганың мэрі Нил Ушаков қазақ-литва бизнес-форумында. 

Рига қаласын дамыту комитетінің төрағасы, Рига туризмді дамыту бюросының мүшесі Максим Толстойдың айтуына қарағанда, қазір арнайы бағдарлама жұмыс жасап жатыр. Инвестиция салатындар осы бағдарлама аясында жылжымайтын мүлік сатып алу үшін тұрғылықты тіркелу мәселесін оңай шешуіне болады. "Бұл - танымал бағдарлама. Қазір жылжымайтын мүлік сатып алу мәселесінде Қазақстан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында", - деді ол. 

Рига мэрі Риганы дамытудағы бұл бағдарламаның маңызы зор екенін айтқан. Оның пікірінше: "Жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы Шенген аймағының тұрғыны болуға болады". 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети