12 тамыз 2019 17:01

Алматыда II Халықаралық Almaty Film Festival өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында қала күніне орай II Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында қала күніне орай II Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Almaty Film Festiva -  Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен AstanaFilmFund - ұйымдастырған жаңа халықаралық кинофестиваль. Фестивальдің мақсаты Қазақстан киноөндірісін дамыту, кинематография өнеріне көпшілік қауымның назарын аудару және халықаралық ынтымақтастықты бекіту. Еліміздің мәдени астанасы Алматы қаласын Орталық Азия өңіріндегі ірі мәдени және саяхат орталығы ретінде, сонымен қатар әлемдік киноқауымдастығын Қазақстан киноөндірісінің жаңа мүмкіндіктерімен жәнеартықшылықтарымен таныстыру - фестивальдің басты мақсаты 

Үстіміздегі жылы фестиваль "Мәдениеттер жақындастығы" деген девизбен 7 күн бойы негізгі үш алаңда өтеді:

- Кинофестивальдің ашылу, жабылу салтанаты және "қызыл кілем" рәсімі өтетін Республика Сарайы;

- AlmatyFilmDistric Іскерлік форумы және MadeinAlmaty сценарийлер байқауы, шеберлік сабатары, дөңгелек үстелдер өтетін MercureAlmatyCityCente қонақүйі;

- Фестивальдің байқауға қатысатын және байқаудан тыс фильмдерінің көрсетілімдері өтетін ChaplinCinemas кинотеатрының залдары.

Disney және Almaty Film Festival биыл мүшелігіне өткен European Children's FilmAssociation бірлесіп ұйымдастырған балалар және отбасылық кино бағдарламасы да осында өтеді. Қызыл кілем үстімен отандық киноның бүлдіршін жұлдыздары жүріп өтеді.

Фестивальдің ашылу салтанатында қызыл кілем үстімен отандық және әлемдік киноөндірісінің жұлдыздары өтеді.

Кинофестивальдің қазылар алқасына Алтын Пальма Бұтағының иегері, қазақстандық актриса Самал Еслямова, ресейлік жетекші кинопродюсерлердің бірі Алексей Петрухин және шетелдік кинематографистер кіреді.

Фестивальдің арнайы қонақтары: "Хорошо продакшн" продюсерлік орталығының басшысы, ресейлік танымал продюсер Наталья Иванова; "Абрамович Қорының" директоры Антон Малышев; Халықаралық Пусан Кинофестивалінің президенті Джей Джон; "EuropeanChildren'sFilmAssociation" бас хатшысы Феликс Вангиндерхюсен; Ресей Федерациясының үздік кастинг-директоры Елизавета Шмакова; TheHollywoodReporter журналисі Ник Холдворт; Cineurope - Еуропаның жетекші медиа-порталының журналисіВассилис Эконому; португалдық продюсер және Локарно кинофестивалінің жүлдегері Пауло Бранко; француз киносыншысы, Канн ХКФ іріктеушісі Бенжамен Иллос және басқалар.

Фестивальдің қонатары арасында қазақстандық кино және өнер қайраткерлері де бар: әнші, актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова, актер жіне продюсер Фархат Әбдірайымов, кино және ТВ актері Санжар Мадиев, актриса Әсел Сағатова, актриса Қарлығаш Мұхамеджанова, сценарист және режиссер Сатыбалды Нарымбетов, актер және режиссер Асанәлі Әшімов, сценарист және режиссер Дәрежан Өмірбаев және басқа да көптеген отандық кино жұлдыздары.

Фестиваль президенті, қазақстандық режиссер Ақан Сатаев былай деп атап көрсетті: «Қазақстан кинематографы жақсы өзгерістерді бастан кешіп жатыр. Көрермендер арасында отандық киноға деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді.

Алматы кинофестивалі заманауи дамып, жас кинематорграфистерге идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп келеді. Аудитория қызығушылығын тудырған жаңа есімдер туып, олар Қазақстаннан тыс жерлерде танылып келеді. Бұл Қазақстан мәдениетінің дамуы үшін өте маңызды».

Almaty Film Festival негізгі байқауының тақырыбы - "Мәдениеттер жақындастығы". Байқауға 2019 жылы екі немесе одан да көп елдердің бірлескен өндірісінен шыққан 12 кинотуынды қатысады.

Сонымен қатар бірнеше байқаудан тыс бағдарламалар бар: "Әйелдер - кинода" (ЮНЕСКО-мен бірлескен), Отбасылық кино (ECFA еуропалық балалар фильмі ассоциациясымен бірлескен), "Жарқын дебюттер" және "Ұшқын" студенттер кинофестивалінің бағдарламасы.

Жабылу салтанатында 5 негізгі номинация бойынша марапаттау рәсімі өтеді:

- Бас Жүлде;
- Үздік режиссер;
- Үздік актер;
- Үздік актриса;
- Қазылар аласының арнайы жүлдесі.

Almaty Film Festival -  бұл тек көрсетілімдер мен байқаулар ғана емес, ол, сонымен қатар аса ірі іскерлік алаңы. MercureAlmatyCityCenter қонақүйінде өтетін AlmatyFilmDistrict Іскерлік форумы перспективті бизнес саласы ретінде дамып келе жатқан кинематографқа байланысты өзекті мәселелерді көтереді. Іскерлік форум алаңдарында дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар, әлемдік және қазақстандық кинематографистердің шеберлік сабақтары өтеді. Шетелдік киноөндірісінің кәсіби мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстан киноөндірісінің өкілдерімен іскерлік қарым-қатынастар орнатады.

Almaty Film Festival аясында MADE IN ALMATY сценарийлер байқауы өтеді, оның қорытындысы бойынша жеңімпаз аталған жобаның жүзеге асырылуына ASTANA FILM FUND толық қолдау көрсетеді. Идея - жас кинематографистерді қолдауда. Байқаудың миссиясы - Қазақстанның жас дарындарына жаңа серпін беру және оларды әлемдік жетекші продюсерлерге, қорлар мн фестивальдерге таныстыру.

Сонымен қатар кинофестиваль қарсаңында тамыз айының әр сенбісінде қалалық Q-labжобалары зертханасымен бірге отандық киноның ашық көрсетілімдері ұйымдастырылады. Көрсетілімдер Алматы қаласы, Абай көшесі, №90 үйдің ауласында ашық аспан астында өтеді.

2019 жылы Almaty Film Festival фестивалінде ALATAU FILM AWARDS жаңа ұлттық жүлдесі бекітілді, оның аясында көпшілік көрермен қауымға ұнаған отандық коммерциялық фильмдер марапатталады. Жүлденің мақсаты - қазақстандық кинотуындыларды кеңінен тарату және еліміздің кинопрокатында фильмдер бәсекелестігін арттыру.

"Almaty Film Festival -  бұл отандық кинематографты дамытудың қуатты жолы, - дейді фестивальдің бас продюсері Эрнар Курмашев. Фестиваль тұжырымдамасы, ең алдымен,Алматы және Алматы облысын өте әдемі түсірілім алаңы ретінде әлем кинематографына  насихаттауға бағытталған".

Екіншіден, біз отандық киноөндіріс пен біздің биліктің, сонымен қатар әлемдік кинематографистердің назарын келіміздегі киноөндірістің жүйелі жұмыс істей бастағандығына, яғни, дұрыс даму жолына түскендігіне аударуға тырысамыз", - деп аяқтады сөзін продюсер.

Кинофестиваль қонақтары мен келушілер үшін барлық көрсетілімдерге есік ашық.

Almaty Film Festival әріптестердің қолдауынсыз өтпес еді. Біз AirAstana, ChaplinCinemas кинотеатрлар жүйесі, MercureAlmatyCityCenter қонақ үйі, Parmigianogroup, AlashMediaGroup, AstanaMotors компанияларына ризашылығымызды білдіреміз.

Almaty Film Festival-2019  сан түрінде:

7 күн - бай бағдарлама
12 фильм - негізгі байқау
50 фильм - байқаудан тыс бағдарлама
5 қазылар алқасы
50-ден аса қатысушы - іскерлік форумы;
50-ден аса кинофестиваль қонақтары (режиссерлер, продюсерлер, сценаристер);
30-дан аса елден келген қонақтар (Ресей,Қырғызстан,Өзбекстан, Германия,Великобритания,США, Франция, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Италия, Әзірбайжан, Болгария, Португалия, Сингапур, Палестина, Аргентина және басқа);
50-ден аса - отандық киноөндіріс өкілдері
100-ден аса журналист, блогерлер;
5000-нан аса -кинофестиваль қонақтары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети