15 қазан 2015 11:29

Варшавадағы кинофестивальде қазақстандық екі бірдей фильмнің тұсаукесері өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанна Исабаева мен Ерлан Нұрмұхамбетов Жанна Исабаева мен Ерлан Нұрмұхамбетов

Варшавада өткен ХХХI халықаралық кинофестивальде қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің "Жаңғақ ағашы" ("Ореховое дерево") фильмінің тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Варшавада өткен ХХХI халықаралық кинофестивальде қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің "Жаңғақ ағашы" ("Ореховое дерево") фильмінің тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көрсетілім Free Spirit Competition ("Еркін рух") киносының аясында болды. Айта кетейік, "Жаңғақ ағашы" фильмінің әлемдік тұсаукесері New Currents ("Жаңа ағын") секциясының аясында Оңтүстік Кореяда өткен болатын. Картина ол жерде өз категориясында ең басты жүлдені жеңіп алды.

"Жаңғақ ағашы" картинасында қарапайым отбасының тыныс-тіршілігі баяндалады. Түсірілім жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ленгер қаласында өтті. Картинада басты рольдерді жергілікті театрдың және "Шаншар" театрының әртістері сомдады.

Сонымен қатар, Варшавадағы кинофестивальде белгілі режиссер Жанна Исаеваның "Бөпем" фильмінің де тұсаукесері өтті. Әлеуметтік драма Арал теңізінің жағасында тұратын 14 жастағы баланың өмірі жайлы. Оның анасы жол апатынан қаза табады, бала болса ауыр науқасқа шалдыққан, оны тек қымбат оталар ғана құтқара алады.

Варшавадағы халықаралық кинофестиваль Польша мен Шығыс Еуропадағы ең ірі шаралардың бірі. Фестиваль Варшава киноқорының ұйымдастыруымен 1985 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети