23 тамыз 2016 09:26

Ақтауда полицейлер 6 жасар қызды зорлаған адамды іздестіруге көмек сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтау полицейлері тұрғындардан 6 жасар қызды зорлады делінген күдіктіні іздестіру жұмыстарына көмектесуін сұрайды, - деп хабарлайды "Лада".


Ақтау полицейлері тұрғындардан 6 жасар қызды зорлады делінген күдіктіні іздестіру жұмыстарына көмектесуін сұрайды, - деп хабарлайды "Лада".

Осыған байланысты ақ түсті Daewoo Nexia маркалы көлік іздестіріліп жатыр. "20 тамызда, сенбі күні шамамен сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін ер адам бірінші ықшамауданның № 29 үйінен 6 жасар қызды "Приморский" ауылына қарай алып кеткен. Баланы қорлап, тастап кеткен. Осы уақытта сол ауданда болған немесе жағажайдан қайтып бара жатқан адамдардан видеотіркегіштерін қарап шығуын сұраймыз. Егер сізде қандай да бір ақпарат болса, хабарласуыңызды сұраймын. Ер адам болжам бойынша, мұртты, шамамен 35-45 жас аралығында", - деді Ақтау ІІБ басшысының орынбасары Асхат Омаров.


© lada.kz

Еске салайық, Ақтауда 20 тамызда № 1 ықшамауданда 6 жасар қыз жоғалып кеткен болатын. Ал кеше, 22 тамызда 6 жасар қыздың зорлануы дерегі бойынша тергеу басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети