27 ақпан 2023 11:12

Алматыдағы арнайы операция: есірткі сатушылар тобы жойылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы есірткі сатушылардың қылмыстық тобын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматы полициясы есірткі сатушылардың қылмыстық тобын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі мәліметінше, полиция арнайы жасақтарының көмегімен жүргізілген арнайы іс-шара барысында бес ер адам ұсталған. Олардың бәрі да Жамбыл облысы, Шу ауданының тұрғындары.

"Күдіктілер қаланың әр жерінде ұсталды. Мәселен, Қалқаман шағынауданында 46 жастағы А. есімді ер адам құрықталды. Рұқсат етілген тінту кезінде одан сығымдалған гашиш заты салынған төрт бума, 1 миллион 150 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша және ІІО зейнеткерінің жалған куәлігі табылды және тәркіленді. Ал күдіктінің үйінен, үйдің қазандығынан жалпы салмағы 4 келіден асатын гашиш есірткі заты салынған 7 полиэтилен бумасы мен металл таразылар табылды. Дәл сондай жалған құжат топтың тағы бір мүшесінен – 40 жастағы О. есімді ер адамнан тәркіленді. Арнайы іс-шара нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 34 келіге жуық гашиш тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды", – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Полицейлердің айтуынша, Алматыға есірткі жеткізу арнасы анықталды. Қазіргі уақытта шөпті әлеуетті пайдаланушылардың ауқымы тексеріліп жатыр. Сонымен қатар, Алматы қалалық ПД, ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жарияланбайтынын хабарлайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.43   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети