09 маусым 2015 10:15

Қамауға алынған ақтөбелік депутаттың үйінде миллиард теңгеге жуық ақша табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейіржан Өндіргенов. ©Timeskz.kz Мейіржан Өндіргенов. ©Timeskz.kz

Бопсалады және өлтіремін деп қорқытты деп айыпталып отырған ақтөбелік депутат Мейіржан Өндіргеновтің үйінде миллиард теңгеге жуық ақша табылды, - деп хабарлайды "Мой город".


Бопсалады және өлтіремін деп қорқытты деп айыпталып отырған ақтөбелік депутат Мейіржан Өндіргеновтің үйінде миллиард теңгеге жуық ақша табылды, - деп хабарлайды "Мой город".

Ақтөбе қаласының №2 сотының қаулысына сәйкес, депутаттың үйі мен жұмыс орнында "82 мың теңге, 1 800 000 АҚШ доллары, 2 970 000 теңге, 299 500 еуро, 1 645 000 АҚШ доллары, 1 323 000 еуро, 3 850 000 теңге, 326 300 рубль, 220 БАӘ дирхемі, 8 гривен көлемінде қаражат табылды".

Депутаттың осы қаражатына, сонымен қатар жылжымайтын мүлкіне (Ақтөбедегі пәтері, жер учаскесі және Шалқар қаласындағы қоғамдық-іскерлік мекемесі) сот тәркілеу туралы шешім шығарды. 

Еске салайық, Мейіржан Өндіргенов 30 мамырда аса ірі көлемде қаржы бопсалады және өлтіремін деп қорқытты деген күдікпен ұсталған болатын. Депутат екі айға қамауға алынды. Депутатқа тағылып отырған айыптау баптары 7 жылдан 15 жылға дейін мүлкін тәркілеу арқылы бас бостандығынан айыруды және 200 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастырады.

Осыған дейін кәсіпкердің бұрынғы серіктесі Бауыржан Пірманов тілшілерге Өндіргеновтің қаржы махинациясы жайлы айтып берген болатын. "Құрылтайшы Өндіргеновпен келіспеушіліктер көп болды, мен 2012 жылы жұмыстан кетуге мәжбүр болдым. Келіспеушіліктер салық салу ісіне келгенде басталды. Оның үлкен жақтаушылары болды, бірақ қазір оның басы дауға қалды. Ол менің арызым арқылы бопсалау бойынша қамауға алынды. 2012 жылы мен бәрін оның атына жазып бердім. Ол өз атына жаздыруға мәжбүр етті, көлікті алып қойды. Ол бәрін сатып ала алатынын айтты. Бұрын "Автопарк" ЖШС-ның күн сайынғы табысы 5,6 миллион теңге болған, жол жүру құны қымбаттағаннан кейін шамамен 8 миллионға өсті. Сонымен қатар, жыл сайын автопарк бюджеттен 800 миллион теңге алып тұрады. Салық есебінде ол тақырға отырғанын мәлімдейді, ал бұл табысы қыруар ЖШС. Ол екі жақты бухгалтерия ұстады, қаражатты компанияға аударды. Тінту жүргізілгенде оның қыруар қаржысы тәркіленді. Оны адамдар машинкамен 5 сағат санады", - деді Пірманов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети