07 тамыз 2015 12:12

Қайрат Жамалиевтің тәркіленетін мүлкінің тізімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралалық қылмыстық істер жөніндегі соты Қайрат Жамалиевтің тәркіленетін мүлкі жария етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қалалық мамандандырылған ауданаралалық қылмыстық істер жөніндегі соты Қайрат Жамалиевтің тәркіленетін мүлкі жария етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік пайдасына Қайрат Жамалиевтің мына мүліктерін тәркіленсін: "PetroMunaiContract" ЖШС 50 пайыз үлесі, "HOST" ЖШС 45 пайыз үлесі, "Империя Лото-2012" ЖШС 60 пайыз үлесі", "Паритет 2003" ЖШС 50 пайыз үлесі, "Villeroy KZ" ЖШС 51 пайыз үлесі, Lexus, Mercedes, Lamborghini автомобильдері, "Банк Центр кредит" АҚ-дағы қаражаты, жинақ есепшоты және номерлері", - деп жария етті Жамалиевтің мүлкін судья Ербол Рахымбеков.

Ал Арман Әбілтаевтен мемлекет пайдасына Mercedes Benz 500S, Audi A8 автокөліктері, "Mia" ЖШС-на тіркелген жылжымайтын мүлкі тәркіленеді.

Еске сала кетейік, бүгін кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің 13 жылға сотталғаны, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болғаны жазылған еді. Сонымен бірге, оның мүлкі тәркіленеді. Бұл істі қарап жатқан сот төрағасы Ербол Рахымбеков биылғы 11 маусымда басталған атышулы сот процесіне нүкте қойды. Соттың жабық түрде өткен іс қарауы екі айға жуық уақытқа созылды. 

Айта кетейік, осы іс бойынша басты сот отырысы 11 маусымда басталған болатын. Ол кезде сот алдына Қайрат Жамалиев пен Анатолий Прибытков келді. Арман Әбілтаев болса ол кезде іздеуде болған. Сот процесі басталғаннан кейін бір аптадан соң Әбілтаев ұсталды. Қайрат Жамалиев үш бап бойынша айыпталған: 194-бап 4 - Қылмыстық топпен ірі көлемде ақша бопсалау (мүлкін тәркілеу арқылы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған); 126-бап 2 - Алдын ала сөз байласып адамдар тобымен адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру  (бес жылға дейін бас бостандығынан мүлкін тәркілеу арқылы жазалау немесе мүлкін тәркілеусіз бес жылға бас бостандығынан айыру жазалау шарасы қарастырылған); 121 бап 2 - Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерді адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасау, өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасау (бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру).

Еске сала кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғуғабайланысты дау биылғы сәуірде басталған еді. Жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге баласының суретін салып, оны қаладағы белгілі кәсіпкер Қайрат Жамалиев ұрды деп хабарлады. Кейін кәсіпкер ұсталып, екі айға қамауға алынды. Айыпталушы Жамалиев пен Прибытков кінәларын мойындаған жоқ, олар өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұловқа тек дене жарақатын салдым деп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети