28 шілде 2014 13:25

Қызылордада АТФ Банкі кассирі тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қызылорда облысында ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен "АТФ Банкі" АҚ филиалының кассирі тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылорда облысында ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен "АТФ Банкі" АҚ филиалының кассирі тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"АТФ Банкі" Қызылорда филиалының касса меңгерушісі К.Омароваға 2014 жылдың қаңтар-маусым айларында банктен 601,9 млн теңге және 30 мың доллар ұрлады деген күдік келіп отыр. 23 шілдеде қаржы полициясы оған қатысты "Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 26 шілде күні Қызылорда қалалық сотының санкциясымен кассир тұтқынға алынды.

Бұған дейін осындай оқиға Қазақстанның Халық банкінің Маңғыстау облысындағы филиалында болған еді. Банкоматтарда миллиард теңгеге жуық қаржының жетіспейтіні анықталған. Бұл дерек бойынша банктің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот операциялар басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары мен касса бастығын тоғыз жылға, жетекші кассирлерді үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, тағы екі кассир шартты түрде жаза өтейтін болды. Филиал директорына 1,85 млн теңге айыппұл салынды.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети