08 маусым 2022 14:59

Нұр-Сұлтанда бала күтуші үй иесінің 3 мың доллар ақшасын ұрлап кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда бала күтуші үй иесінің 3 мың доллар ақшасын ұрлап кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Нұр-Сұлтанда бала күтуші үй иесінің 3 мың доллар ақшасын ұрлап кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, Нұр-Сұлтанда "Есіл" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде үй иелерінен ақша ұрлады деген күдікпен күтуші болып жұмыс істеген әйелді ұстаған.

Тергеу барысында 31 жастағы әйелдің аталған отбасына бала күтуші болып жұмысқа орналасқаны анықталды. Ол бір ай жұмыс істегеннен кейін шкафта жатқан ақшаны байқайды. Кейін үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, мезгіл-мезгілімен ұрлық жасаған. Жалпы, ол 3 000 АҚШ долларын ұрлаған. Бір күні үйдің иесі ақшаның жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген.

"Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети