10 ақпан 2022 13:16

Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры 2 айға қамалды - ҚМА

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы мониторингі агенттігі Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітовтің ұсталғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы мониторингі агенттігі Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітовтің ұсталғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Павлодар облысы бойынша ҚМА аумақтық департаменті "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры Әлсейітовке және басқа да тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша "ПМХЗ" ЖШС-нің дизель отынын өндіру процесін құрамдастыру жөніндегі функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығару дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, "ПМХЗ" ЖШС-нің директоры Әлсейітовке қатысты Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты 2 ай мерзімге "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Факт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сәйкес өзге де мәлімет жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети