28 қазан 2014 | 17:28

Павлодардағы жаппай кісі өлімі: Күдікті өз отбасын тұрмыс жағдайы үшін өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©augustnews.ru ©augustnews.ru

Павлодардағы жаппай кісі өліміне күдікті кінәсін мойындап жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаппай кісі өлімі 27 қазанға қараған түні болды.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодардағы жаппай кісі өліміне күдікті кінәсін мойындап жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаппай кісі өлімі 27 қазанға қараған түні болды.

"1980 жылы туған күдікті ер адам 1982 жылы туған әйелін, төрт жастағы ұлын, 1978 жылы туған ағасын, 1979 жылы туған әпкесін және оның 9 жастағы қызын өлтіргенін мойындап жауап берді. Бүгін адвокаттың қатысуымен алғашқы жауап алу кезінде ол отбасын ауыр материалдық жағдайдан құтқару үшін өлтіргенін айтты", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметкері Алма Мұсабекова. Дегенмен, полиция өкілдерінің айтуынша, бұл екі отбасының да тұрмысы тәуір болған, ересектер жұмыс істеген, күдіктінің өзі ғана әйелінің табысымен күн көрген.

Баспасөз мәслихатында облыстық ІІД бастығы Марат Қожаев жаппай кісі өліміне күдікті жігіттің 2007-2013 жылдары Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызмет атқарғанын, кейін аттестация қорытындысы бойынша оның бұрын өзінің сотталғандығын жасырғаны үшін жұмыстан шығарылғанын айтты. Полицейлердің мәліметінше, марқұмдар пәтерде бір тәуліктен астам уақыт жатып қалған. Күдікті есікті әлдекімдер аша бастағанын байқаған бойда өз-өзіне пышақ салған. Ер адам диванда қолына пышақ ұстап жатқан күйінде табылды. Полицияның мәліметінше, ол әйелі мен ұлын қылғындырып өлтірген, қалғандарын бауыздаған. 

Ер адам кеуде тұсына, өкпесі мен иығына салынған пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Операциядан соң жан сақтау бөлімінен полиция қызметкерлерінің бақылауындағы қарапайым палатаға ауыстырылды. Айта кетейік, ол дәрігерлерге өз-өзіне пышақ салғанын бірден айтқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети