05 наурыз 2021 13:02

Сатушы қыз тапанша ұстаған қарақшыға тойтарыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Павлодар қаласы маңында дүкен сатушысы тапаншамен қорқытқан қарақшыға тойтарыс берді. Қыз қарақшының қоқан-лоқысынан қорықпай, өзін қорғаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар қаласы маңында дүкен сатушысы тапаншамен қорқытқан қарақшыға тойтарыс берді. Қыз қарақшының қоқан-лоқысынан қорықпай, өзін қорғаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға дүкенде орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видео кадрларынан медициналық маска таққан ер адам бір зат сатып алғанын, кейін қалтасынан тапанша шығарып, ақша тұрған кассаға ұмтылғанын көруге болады. Сол сәтте сатушы қарақшыны бірнеше рет итеріп, кассаны қорғауға тырысады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар (@pavlodar.times)

 
Павлодар облыстық полиция департаменті бұл оқиғаның қала маңындағы Кенжекөл ауылы дүкендерінің бірінде болғанын растады. Сатушы қарулы адамның тонау әрекетіне қарсылық көрсеткен. Алайда қарақшы мұнымен тоқтамай, сол күні Павлодардағы дүкенді тонап кеткен.

"Ер адам дүкен сатушысын қорқытып, 120 мың теңгені алып кеткен. Қылмыс жасады деген күдікпен Павлодар облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұған дейін сотталмаған", - деп түсіндірді өңірлік полиция департаменті бастығы Нұрлан Мәсімов.

Оның айтуынша, ұрланған ақша тәркіленіп, ұсталған адам қамауға алынды.

"Күдіктінің дәл сол күні Кенжекөл ауылындағы дүкенде болған оқиғаға қатысы бары анықталды", - деп нақтылады Мәсімов.

Факт бойынша ҚР ҚК-ның 192-бабы "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бап санкциясы мүлікті тәркілей отырып, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети