12 шілде 2015 12:09

Царнаевқа қатысты полицейді өлтіру бойынша іс қозғалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Art Lien ©Art Lien

Бостондағы марафонда болған лаңкестік үшін өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевқа қатысты полицейді өлтіру ісі бойынша тағы бір іс қозғалуы мүмкін, - деп хабарлайды The Boston Globe.


Бостондағы марафонда болған лаңкестік үшін өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевқа қатысты полицейді өлтіру ісі бойынша тағы бір іс қозғалуы мүмкін, - деп хабарлайды The Boston Globe.

Массачусетс штатының Миддлсекс округының прокуратурасы оған Шон Каольені өлтірді деген айып тағуды көздеп отыр. Прокуратура пікірінше, ағайынды Царнаевтар лаңкестіктен кейін болған тағы да бірнеше қылмысқа кінәлі, нақтырақ айтсақ, автомобильді айдап әкету ісіне. "Егер сіз Миддлсекске келсеңіз, полицейді қызметін атқару кезінде өлтірсеңіз және құқық қорғау органдарының өзге өкілдеріне шабуыл жасасаңыз сол округта сотталатыныңыз ақылға қонымды", - деп есептейді прокурор Мэриан Райан. 

Осы жылдың басында Джохар Царнаев Бостондағы үш адам қаза тауып, 260 адам жарақат алған лаңкестікке байланысты айыпты деп танылған болатын. 15 мамырда алқа соты оны өлім жазасына кесті. Бостондағы теракт кезінде қаза тапқандар: 8 жастағы Мартин Ричард, 29 жастағы Кристайл Кэмпбелл және 23 жастағы Линцзу Лу.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети