18 қыркүйек 2020 15:34

ҰҚК жарылғыш заттарды заңсыз сатқан қылмыстық топқа қатысты үкімді жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: ҚР ҰҚК Сурет: ҚР ҰҚК

Степногорск қалалық соты Ақмола облысының аумағында жарылғыш заттарды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Степногорск қалалық соты Ақмола облысының аумағында жарылғыш заттарды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, қылмыстық кәсіпті ұйымдастырған екі ер адам ҚР Қылмыс кодексітің 24-бабы 3-тармағы және 287-бабы 3-тармағында көзделген қылмыстар (қару-жарақ, оқ-дәрі жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау және өзімен алып жүру) бойынша айыпты деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарылды.

Еске салайық, 2019 жылдың 20 қарашасында Ақмола облысы бойынша ҰҚК Департаментінің қызметкерлері "Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні" акционерлік қоғамының бөлімшелерінен, әрі қарай сатып пайда табу мақсатында жарылғыш заттарды ұрлауға қатысы бар деген күдікпен "Головлёв-Кабдушев" қылмыстық тобының мүшелерін ұстаған болатын.

Бұлар 2019 жылдың қазан-қараша айларында салмағы 52 келі "Петроген-П" жарылғыш заты мен 60 дана "Искра-Ш", "Коршун-М ДИН-Ш" электрсіз жарғыш құралдарын сатқан.

Күдіктілердің тұрғылықты мекендерін тінту барысында тағы да 100 келіден аса "Петроген-П", 7,5 келіден астам "Аммонит" жарылғыш заттары, сондай-ақ 382 дана капсюль-детонаторлар мен толқынды-соққы түтікшелерінің кесінділері табылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети