08 қазан 2015 17:17

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығын белорус жазушысы алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости. Наталья Попова © РИА Новости. Наталья Попова

2015 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығын белорус жазушысы Светлана Алексиевич алды, - деп хабарлайды РИА Новости Швед академиясының тұрақты хатшысы Сара Даниусқа сілтеме жасап.


2015 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығын белорус жазушысы Светлана Алексиевич алды, - деп хабарлайды РИА Новости Швед академиясының тұрақты хатшысы Сара Даниусқа сілтеме жасап.

"Оның көпдауысты шығармашылығы үшін - заманымыздың бейнетіне ескерткіші мен ерлігі үшін", - деп мәлімдеді Даниус.

Светлана Алексиевич - белорустың орыс тілінде жазатын аты әлемге танылған жазушысы. Ол Ұлы Отан соғысы жайлы бірнеше кітаптың авторы. Сонымен қатар Чернобыль апаты жайлы қалам тербеген "У войны не женское лицо" (1985), "Последние свидетели" (1985), "Цинковые мальчики" (1989), "Чернобыльская молитва" (1997).

Айта кетейік, әдебиет саласындағы 2014 жылғы Нобель сыйлығы француз жазушысы Патрик Модианоға берілген болатын. Нобель сыйлығы "адамның жұмбақ тағдырларын және басқыншылық кезіндегі адамның өмірлік әлемін ашып берген есте сақтау өнері үшін" табыс етілген еді.

Еске салайық, лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 10 желтоқсанда, швед кәсіпкері әрі өнертапқышы Альфред Нобельдің қайтыс болғаны күні өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети