Ғарышкер әйелі бар "Союз" кемесі Қазақстанға қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғарышкер әйелі бар "Союз" кемесі Қазақстанға қонды Барри Уилмор, Александр Самокутяев және Елена Серова "Байқоңыр" ғарыш айлағында. ©РИА Новости

Үш ғарышкері бар "Союз ТМА-14М" кемесінің босатылған капсуласы Қазақстан аумағындағы көзделген ауданға қонды, - деп хабарлайды РИА Новости Ұшуларды басқару орталығының төрағасына сілтеме жасап. 


Үш ғарышкері бар "Союз ТМА-14М" кемесінің босатылған капсуласы Қазақстан аумағындағы көзделген ауданға қонды, - деп хабарлайды РИА Новости Ұшуларды басқару орталығының төрағасына сілтеме жасап. 

Орбитадағы жартыжылдық іссапардан соң Жерге Роскосмостың ғарышкерлері - Елена Серова, Александр Самокутяев және NASA астронавты Барри Уилмор оралып отыр. Қазір олар ғарыш аппаратынан қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. "Союз ТМА-14М" экипажы орбитада 50-ден астам ғылыми тәжірибе орындады. Олардың көбі ғылым, медицина мен жалпы адамзат үшін маңызды мәнге ие. 

"Союз ТМА-14М" қонған ауданда Ресейдің Орталық әскери округінің іздестіру-құтқару жасағы кезекшілік атқарып жатыр. Ғарышкерлерді іздестіру мен эвакуациялауға 300-ге жуық әскери қатысты. Жұмылдырылған құрылымда 14 Ми-8 тікұшағы, 2 Ан-26 ұшағы, 6 мамандандырылған іздестіру-эвакуациялау машинасы бар. Халықаралық ғарыш станциясына келесі экипаж келгенше станцияда Терри Вертса (NASA), Антона Шкаплерова (Роскосмос) және Саманты Кристофореттиден (ESA) тұратын ғарышкерлер тобы жұмыс істейтін болады. 

Еске салайық, "Союз ТМА-14М" кемесі бар "Союз-ФГ" зымыран тасығышы Халықаралық ғарыш станциясының жаңа экипажымен бірге "Байқоңырдан" 2014 жылдың 26 қыркүйегінде ұшырылған еді. Орбитаға 17 жылда тұңғыш рет әйел адам - ресейлік Елена Серова шығарылды. 

 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.81   567.94   6.67 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +21
Ақтау +16
Ақтөбе +14
Атырау +19
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +19
Қызылорда +20
П
Павлодар +19
Петропавл +22
С
Семей +19
Т
Талдықорған +24
Тараз +24
Түркістан +15
О
Орал +16
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер