10 қараша 2014 10:45

Үш ғарышкері бар капсула Қазақстан аумағына қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Халықаралық ғарыш станциясынан оралған "Союз ТМА-13М" ғарыш кемесінің үш ғарышкері бар капсуласы Қазақстанның белгіленген ауданына қонды, - деп хабарлайды РИА Новости ресейлік Ұшуды басқару орталығының өкіліне сілтеме жасап. Осыған дейін капсуланың Арқалық қаласының солтүстігінен 82 шақырым жерге қонатыны хабарланған еді. 

Жерге Максим Сураев (Роскосмос), Рид Уайзман (NASA) және Александр Герст (Еуропалық ғарыш агенттігі) оралды. Олардың ХҒС бортындағы экспедициясы шамамен жарты жылға созылды. Ғарышкерлер қазіргі уақытта аппараттан шығарылып жатыр. Қону аумағында ресейлік Орталық әскери округының іздестіру-құтқару тобының жасағы кезекшілік атқарып жатыр. ХҒС ғарышкерлерін іздеу және эвакуациялау операциясында 300-ге жуық әскери қызметкер бар. Сонымен қатар, он төрт Ми-8 тікұшағы, екі Ан-26 ұшағы және алты мамандандырылған іздеу-эвакуациялау көлігі қатыстырылып жатыр.   

Қонған аппаратта ХҒС экипажымен бірге дрозофил-шыбынның "ғарыштық" тұқымы бар, олар жоғары ұйымдасқан организмдердің дамуына салмақсыздықтың әсерін зерттеу кезінде шығарылған. Ғалымдардың айтуынша, бұл зерттеулер ғылым үшін өте құнды және алыстағы ғарышты игеруге мүмкіндік береді.  

Қазіргі уақытта ХҒС бортында бортинженерлер Александр Самокутяев, Елена Серова және Барри Уилмор ғарыш вахтасын атқаруға қалды. Олар станцияға 26 қыркүйекте аттанған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети