17 тамыз 2020 09:20

Қатерлі ісікпен тиімді күресетін жеміс аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Қатерлі ісікпен тиімді күресетін жеміс аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sabah басылымына сілтеме жасап.


Қатерлі ісікпен тиімді күресетін жеміс аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sabah басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, цитрустар тобына жататын кумкват жемісі ісіктің өсуін тежеп, ас қорыту жүйесіне оң әсер етіп, сүйектің нығаюына септігін тигізеді. Ал ИноСМИ сайтының мәліметіне сәйкес, бұл жемісті "сәнді мандарин" немесе "алтын апельсин" деп те атайды.

Кумкват адамның иммунитетін күшейтеді. Ол көбінесе тұмаумен жиі ауыратын адамдарға пайдалы. Жеміс асқазан-ішек жолының қызметіне оң әсер етіп, анорексия, жүрек айну, асқазанның тамақ қорыта алмау кезінде тиімді көмектеседі.

Сонымен қатар, кумквата онкологиялық аурулардың дамуын тежейді. Оның құрамында флавоноидтер көп болғандықтан адам ағзасын канцерогенді заттарға (қатерлік ісік тудыратын заттар - ескерту) төзімді етеді. 

Сондай-ақ, бұл жемісте кальций көп болғандықтан ол сүйекті нығайтып, бетке әжімнің түспеуіне әрі безеулермен күресуге оң ықпал етеді.

Кумкатты қабығымен бірге жеуге болады. Мақала авторы бұл жемістен джем мен мармелад жасауға, оны шайға қосуға немесе десерттер мен салаттар дайындауда қолдануға кеңес береді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети