17 маусым 2015 14:26

Қазақстандықтардың өмір жасы 3 жылға ұзарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Марат Әбілов © Марат Әбілов

Қазақстандықтардың өмір жасы 3 жылға ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін, 17 маусымда мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерімен кездесуі барысында мәлімдеді.


Қазақстандықтардың өмір жасы 3 жылға ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін, 17 маусымда мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерімен кездесуі барысында мәлімдеді.

Ақорданың мәліметінше, соңғы 5 жылда қазақстандықтардың өмір жасы 3 жылға артып, 2014 жылы 71,6 жасқа жетті. Сонымен қатар, 2010 жылмен салыстырғанда ана өлімі 2 есе, бала өлімі 1,7 есеге азайды. Қазақстан 2011 жылы Мыңжылдық дамудың төртінші және бесінші мақсаттарына мерзімінен бұрын қол жеткізді.

"Кездесуге денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекова, медицина саласындағы жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер басшылары, ауыл дәрігерлері, жаңашыл медиктер, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету және санитарлық авиация дәрігерлері мен фармация мамандары қатысты. Кездесу барысында денсаулық сақтау саласына, соның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге, өңірлік ғылыми мамандандырылған медициналық ұйымдар мен ауылдық медициналық мекемелер жұмысына байланысты және өзге де өзекті мәселелер талқыланды", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық табысты дамуы және 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған озық 30 елі қатарына қосылуы денсаулық сақтау саласын жаңғыртумен тікелей байланысты.

"Биыл "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аяқталатыны белгілі. Осы жылдар ішінде Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі құрылды. Ол медициналық мекемені таңдау еркіндігі, медициналық көмек көрсету шараларының ашықтығы, медициналық қызмет көрсету ісінде бәсекелестік орта қалыптастыру, медициналық қызмет көрсетудің көлемі мен сапасына қарай ақырғы нәтижеге сәйкес қаржыландыру қағидаттарына негізделген", - деді мемлекеттік хатшы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2014 жылы Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты жолдауында былай деген еді: "салауатты өмір салтын орнықтыру және медицинаны дамыту ғана қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұзартуға мүмкіндік туғызады".

Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы құзырлы мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді. Сонымен қатар, кездесу соңында Әбдіқалықова медицина қызметкерлерін алдағы кәсіби мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық және ел игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети