28 тамыз 2022 14:50

Алматыда базардан өрт шықты

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда "Саудакент" базарында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда "Саудакент" базарында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД баспасөз өкілдерінің мәліметінше, өрт жарты сағат ішінде сөндірілді, өртті сөндіру кезінде ешқандай қиындық болған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALMATY KRIS P|21+?? (@almaty_kris_p)

Қалалық ТЖД 28 тамызда сағат 02: 09-да Жетісу ауданы, Райымбек даңғылы, "Саудакент"базарына жоғары дәрежелі өртсөндірушілер жіберілгенін хабарлады.

"Алғашқы бөлімшелер 6 минуттан кейін оқиға орнына келді. Бұл уақытта базар аумағында 260 шаршы метр аумақта бір қабатты дәмхана өртеніп жатыр. Өрттің көршілес ғимараттарға таралу қаупі пайда болды", - деді ТЖД өкілдері.

Өрт 2.39-да оқшауланып, 2.44-те жойылды. ТЖД қызметкерлері жедел әрекет етіп, жақын маңдағы әкімшілік ғимаратқа жалынның таралуына жол бермеді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына 16 бірлік техника және жеке құрамнан 47 адам шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.43   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети