09 қараша 2023 11:29

Алматыда ірі жол апаты болды: мопед екі көліктің арасында қысылып қалған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Полицейлер Алматыдағы Сәтбаев көшесінде болған жол апатының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полицейлер Алматыдағы Сәтбаев көшесінде болған жол апатының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазнетте жол-көлік оқиғасы болған жерде мопедтің екі көліктің арасына қысылып қалғаны көрсетілген видео пайда болды.

Пікір қалдырған қолданушылар мопед жүргізушісі апаттан зардап шекті ме деп алаңдаушылық білдірген.

Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, бұл жол-көлік оқиғасы 8 қарашада Медеу ауданында болған.

"Крайслер" жүргізушісі Сәтбаев көшесімен батыс бағытта келе жатып, Назарбаев даңғылына жетпей, рөлді тізгіндей алмай, жол бойында тұрған үш көлікке соқтығысқан, сондай-ақ ол жерде мопед болған", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соқтығыс болған кезде оқиға орнында көлік жүргізушілері болмаған.

"Сондықтан, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиға дерегі Медеу аудандық ПБ қызметкерлері назарға алды", - деп толықтырды Алматы полициясы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети