07 желтоқсан 2023 16:21

Алматыдағы арнайы операция: қылмыстық топ ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматылық полицейлер таныс адамынан ақша бопсалаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматылық полицейлер таныс адамынан ақша бопсалаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктілердің жәбірленушіден сұраған 1 миллионның 650 мың теңгесін алып жатқан кезде ұстады. Күдіктілер осыдан біраз уақыт бұрын заңсыз алып кеткен көлікті қайтарып беру үшін таныс адамнан ақша бопсалаған.

"Арнайы іс-шара нәтижесінде бес ер адам ұсталды, олардың үлкені 35-те, кішісі 27-де. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 389 бабы ("Өзiнше билiк ету") бойынша тергеліп жатыр. Ұсталғандардың екеуі бұрын ҚР ҚК-нің 96-бабы ("Кісі өлтіру") және ҚР ҚК-нің 287 бабы ("Браконьерлік") бойынша сотты болған", - делінген хабарламада.

Бұл жолы ұсталған кезде күдіктілерден өсімдік тектес ұнтақты зат және травматикалық тапанша тәркіленген. Көрсетілген заттар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети