15 қараша 2023 13:48

Астанада басқарма басшысының қамауға алынуы: Антикор істің мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана әкімдігіндегі басқарма басшысы қандай күдікке ілінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана әкімдігіндегі басқарма басшысы қандай күдікке ілінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор ресми өкілі Арман Тілеукеновтің айтуынша, шенеунік жеке компания басшысынан саяжай түріндегі ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Бұл пара кәріздік тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыстарды жеткізушіні анықтауда жеке ұйымның мүддесін лоббилеуге арналған. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды", - деді агенттік өкілі Тілеукенов.

Тілеукенов ұсталған адамның аты-жөнін нақтыламады.

Еске сала кетейік, 13 қарашада Астана Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ұсталған болатын. Елордалық соттың баспасөз қызметі 2023 жылдың 11 қарашасында Астана Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктінің үстінен екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялағанын хабарлады.

Астана Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының сайтында басқарма басшысы Марсель Ұзақов екені жазылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети