11 тамыз 2021 11:44

"Аялдамада ес-түссіз жатқан". Полицейлер жүкті әйелді құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Полицейлер аялдамада есінен танып қалған әйелді шұғыл түрде ауруханаға жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полицейлер аялдамада есінен танып қалған әйелді шұғыл түрде ауруханаға жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рудный көшесін патрульдеу кезінде, полиция қызметкерлері Мақсұт Досыбаев пен Олжас Батырханов аялдамада ес-түссіз жатқан әйелді байқаған. Олар жүктіліктің соңғы айындағы келіншекке көмектесіп, бірден жедел жәрдем шақырған.

"Біз жедел жәрдем шақырдық, бірақ оларды күте алмайтынымызды білдік. Себебі, бір емес екі адамның өміріне қауіп төніп тұрғанын түсіндік. Сондықтан оны перзентханаға өзіміз тез арада жеткізу керекпіз деп ұйғардық. Жол бойында кезекші бөліммен байланысқа шықтық. Жедел науқастың ауруханаға жеткізілетіні туралы хабарлама жіберілді", - дейді полиция капитаны Мақсұт Досыбаев.

Әйел ауруханаға жеткізілді, оған дәрігерлер уақытылы көмек көрсетті. Олардың айтуынша, әйел ауа райы ысытық болуына байланысты есінен танып қалған. Жедел әрекет етіп, дереу медициналық мекемеге жеткізген полицейлердің арқасында бәрі артта қалды.

36 жастағы жүктіліктің жетінші айындағы Индира Амиреева тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, қазір әйелдің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети