27 тамыз 2014 16:27

Биыл түрмелерде 160-қа жуық сотталушы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©2000.ua ©2000.ua

Қазақстанда 2014 жылы 160-қа жуық сотталған адам қайтыс болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 2014 жылы 160-қа жуық сотталған адам қайтыс болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистердің биыл түзеу мекемелерінде қанша адам қайтыс болды" деген сауалына Жәнібеков "Биыл - түрлі аурулары бар 160 адам, көрсеткіш үш-төрт жыл ішінде 22%-ға азайды", - деп жауап берді. Оның айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі өлім-жітім көрсеткішімен бірге, туберкулез және басқа да ауруларға шалдығу деректері 26%-ға азайған.

Жәнібек түрмеден қашу деректерінің статистикасы туралы да айтты. "Соңғы екі-үш жылда, соңғы рет 2010 жылы, сіздер білесіздер, Ақтауда жаппай қашып кету жағдайы болды, содан кейін қашып кету деректері болмады. Әрине, қоныс-колония аталатын ашық аймақтарда, жаза өтеуден жалтару жағдайлары болып тұрады. Биыл мұндай мекемелерде 25-ке жуық сотталған адам жаза өтеуден жалтарған, яғни олар күндіз жұмыс істеп, түнде жатақханада болуы қажет - ал кейбіреулер кешігіп қалып немесе арақ ішіп қойып жатады. Жаза өтеуден жалтару деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды, кінәлілердің бәрі ұсталып, түзеу колонияларына қайтарылды", - дейді ол.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети