18 қаңтар 2015 17:36

Жолаушылары бар автобус Алматыда 10 көлікті соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Данияр Бозов ©Данияр Бозов

Алматыда жолаушылары бар автобус 10 көлікті соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тағы бір мәліметтерге сәйкес, автобус 11 автокөлікті соққан.


Алматыда жолаушылары бар автобус 10 көлікті соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тағы бір мәліметтерге сәйкес, автобус 11 автокөлікті соққан.

Жолаушылары бар №31 автобус "Қазақфильм" шағына уданында Есеналиев көшесінің бойымен төменге қарай түсіп келе жатып, он шақты жеңіл көлікті қақты. Бұдан кейін ол бұрылыста бетон араластыратын машинамен соғысқан. Бірақ, басқа мәліметтерге қарағанда, автобус қоқыс таситын көлікпен соқтығысқан. 

"Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі автобустың бастапқыда сол бағытта келе жатқан Mercedes-Benz көлігімен түйісіп қалғанын хабарлады. Бұдан кейін автобус пен Mercedes-Benz 11 көлікті соғып өткен. Автобус бұрылысқа келгенде қарсы бағытқа шығып кетіп, қоқыс таситын көлікпен бетпе-бет соғысқан.

Бағдарламаның мәліметінше, жалпы жеті адам зардап шекті, оның ішінде автобус жүргізушісі бар. Жапа шеккендердің ішінде үш бала және жүкті әйел болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, автобустың тежегіші істен шыққан.

Автобус жүргізушісі тірі, бірақ оны темір жаншып қалды. Салдарынан оның екі аяғы да сынды. Жүргізушіні босату үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды. Қазіргі уақытта оқиға болған жер қоршауға алынды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети