06 қараша 2014 13:43

Қарағандыда жолаушылары бар такси су астына түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©oo-osa.org ©oo-osa.org

Интернетте Қарағандыда су толы үлкен орға түсіп кеткен автокөлік туралы видео пайда болды. "ОСА" автокөлік иелеріне жәрдемдесу қозғалысының сайтында 1 қараша күні жолаушылары бар машинаның суға құлап кеткені жазылған. 


Интернетте Қарағандыда су толы үлкен орға түсіп кеткен автокөлік туралы видео пайда болды. "ОСА" автокөлік иелеріне жәрдемдесу қозғалысының сайтында 1 қараша күні жолаушылары бар машинаның суға құлап кеткені жазылған. 

"Қаланың оңтүстік-шығысында, "Карагандинец" дүкенінің жанындағы жол бойында, қаланың орталығында жолаушылары бар такси төбесіне дейін суға батып кетті", - делінген сайтта. Абырой болып, жүргізуші мен жолаушылар аман қалды. "Адамдар суға малынып, тоңып қалды. Куәгерлер жүргізушіге судан шығуға көмектесті, содан кейін адамдарды өз көліктерінің салонында жылытты", - делінген видеоның астына жазылған сипаттамада.

Тәуелсіз заңгер Сергей Уткин оқиғаға тап болғандарды бұл істі бейжай қалдырмауға және материалдық-моральдық шығын өндіру үшін құқықтарын қорғауға шақырады. Ол жолдардың жағдайына жауапты мемлекеттік орган таксидің су толы шұңқырға түсіп кетуіне жауап беруі керек. "Әкімдікке шағымдану қажет. Ол жолдардың жағдайына жауапты деп ойлаймын. Заң бойынша мұның бәрі қалыпты жайт. Мемлекет әрбір заңсыз әрекет үшін жауап беруі керек, мұндай тәжірибені қалыптастыру қажет", - деді Уткин Tengrinews.kz тілшісіне. 

Заңгер жүргізушілер жолдардың бүлінген учаскелерін полицияға хабарлап тұруы керектігін айтты. "Патрульдеуді іске асыру кезінде олар шұңқырларды, сынған жол белгілерін, бағдаршамдарды, жолдардағы басқа да тәртіпсіздіктерді көрсе, ол туралы баяндама толтырып, басшыларына хабарлауы керек. Тәжірибе бойынша көбіне мұндай талап орындалмайды. Бірақ өз міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапқа тартуға болады", - деді Уткин. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети