20 маусым 2023 17:58

Қарағандыда ойын алаңында зардап шеккен баланың жағдайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қарағандыдағы ойын алаңында жарақат алған баланың жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыдағы ойын алаңында жарақат алған баланың жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, біреуіне бірден үш хирург ота жасайды. Екінші 9 жастағы зардап шеккен баланың жағдайы тұрақты. Есі дұрыс, бөлімшеде дәрігерлердің бақылауында.

Ал 2015 жылы туған тағы бір бала қатты жарақат алып, шок күйінде жансақтау бөліміне жатқызылды.

"19 маусым күні сағат 14:55-те бізге 2015 жылғы бала түсті. Ойын алаңында ойнап жүріп ауыр жарақат алған. Бұл жартылай жарақаттанған: жақ-бет, бас миының жарақаттануы және оң жақ білек сүйектерінің сынуы. Бала реанимация бөліміне жатқызылды. Оған емдік шаралар, толық диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде мидың қысылуынсыз маңдай сүйегінің ұсақталған сынығы анықталды. Алдымен бірінші дәрежелі бас миының контузиясы, үстіңгі жақ сүйектерінің фрагменттік сынықтары, төменгі жақ сүйегінің сынуы анықталды", - деді Қарағанды облысының бас нейрохирургі Ғабит Махамбаев.

Бүгінде дәрігерлер баланың жағдайын тұрақтандырды. Баланың қазір жағдайы жақсы және шок күйінен арылған.

"Бүгін үш маман ота жасайды. Нейрохирургтар маңдай сүйегінің сынығына, хирургтер жақ-бет жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің сынуына, травматологтар оң жақ білек сынығына ота жасайды. Біз баланың жағдайы жақсы болады деп үміттенеміз", - деді Махамбаев.

Еске салайық, 19 маусымда Қарағандыда қатты жел балалар ойнаған ойын алаңын жұлып кеткен болатын. Балалар отырған ойын алаңының жасанды төсеніші жоғары көтеріліп, кейін қатты күшпен жерге соғылды. Екі бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөліміне жатқызылды.

Кейін Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов алаңның әлі толық жабдықталмағанын, пайдалануға берілмегенін айтты. Бұл дерек бойынша тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети