Жаркентте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны ұрып-соққан колледждің директоры сөгіс алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаркентте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны ұрып-соққан колледждің директоры сөгіс алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
БҒМ мәліметінше, білім беру мекемесінің басшысын "ұстаздар құрамымен жұмысты бәсеңдетіп, тәрбие жұмыстарының әлсіздігіне байланысты" жазаланған. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыстан босатылды. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр, оны прокуратурағ тапсырады.
"Таяу күндері Алматы облысында ҚР БҒМ Бақылау комитетінің төрағасы Талғат Ешенқұловтың және Алматы облысындағы колледждердің директорларының қатысуымен колледждердегі тәрбие жұмысын нығайту жөнінде жиналыстар өткізіледі.
Еске салайық, Алматы облысында колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студенттерді ұрып-соқты. Әлеуметтік желіде оқиға болған сәтте түсірілген видео таралып жатыр. "19-шы СПТУ ұстаздары оқушылармен осылай сөйлеседі. Бұл бүгін бізде Жаркентте болды", - делінген видеоролик сипаттамасында.
Алматы облыстық білім басқармасының өкілдері колледждегі ұрып-соғу дерегі барын растап, осыған қатысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.
"Осы жағдайға байланысты Жаркент көпсалалық колледжінде биыл 10 қаңтарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыстан босатылды. Облыстық білім беру басқармасының комиссиясы колледжге жіберілді. Тексеру нәтижесінде колледж басшылығы мен ұстазға қатысты шара қолданылады", - деді басқарма өкілдері. Сонымен қатар, комиссияның жұмысы Алматы облысы әкімдігінің бақылауына алынды. Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкерлері осы роликті тексеріп жатқанын мәлімдеді.