04 тамыз 2015 20:54

Қостанай әкімінің орынбасары Аракелянның не үшін ұсталғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фрунзик Аракелян. © "Наш Костанай" Фрунзик Аракелян. © "Наш Костанай"

Қостанай әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары Фрунзик Аракелян қызметтік бабын теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы "Наша газета" басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.


Қостанай әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары Фрунзик Аракелян қызметтік бабын теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы "Наша газета" басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Сонымен қатар, Аракелянның әкімнің тағы бір орынбасары Мақсұт Қалиевтің қамауға алынуымен байланысты емес екендігі жайлы мәлімет пайда болды. Алайда бұл дерек расталмай отыр.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіндегі дереккөз Фрунзик Аракелянның ұсталғанын бейресми түрде растаған еді. Ал оның алдында Қостанай әкімінің тағы бір орынбасары Мақсұт Қалиевтің ұсталғаны хабарланды. Қостанай қалалық №2 соты оны қамауға алуды санкциялады. Сонымен қатар, кәсіпкер Гагик Овнанян да ұсталып отыр. Ол әкім орынбасарына пара берді делінеді. Оларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдауға байланысты шешім Қостанайдың №2 сотында 5 тамызда шығады.

Кейін бұл оқиғаға қатысты пікірін Қостанай әкімі Ахметбек Ахметжанов білдірді. Ол бұл жаңалықты естігенінде абдырап қалған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети