31 наурыз 2015 16:04

Мұрат Оспановқа миллиард теңгеден астам айыппұлды төлеуге жарты жыл берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews иллюстрациясы Tengrinews иллюстрациясы

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-төрағасы Мұрат Оспановтың миллиардтан астам айыппұлын төлеу мерзімі алты айға ұзартылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астанадағы №2 Есіл аудандық сотының кеңсесіндегілер хабарлады.


ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-төрағасы Мұрат Оспановтың миллиардтан астам айыппұлын төлеу мерзімі алты айға ұзартылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астанадағы №2 Есіл аудандық сотының кеңсесіндегілер хабарлады.

"26 наурызда судья Ұбайдолла Қошанов Мұрат Оспановтың қорғаушылары жазған айыппұл төлеу мерзімін алты айға ұзарту туралы өтінішін қанағаттандырды. Қаулы жария болғаннан кейін 15 күнде күшіне енеді", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне соттың кеңсесіндегілер.

Еске сала кетейік, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-төрағасы Мұрат Оспановқа миллиардтан аса айыппұлды төлету туралы үкім 3 наурызда заңды күшіне енді. Биыл 13 ақпанда Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-төрағасы пара алды деп айыпталып, оған 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге сомасында айыппұл түрінде жаза белгіленді. Заңнамаға сәйкес, айыпталушының сот үкіміне қарсы шығуына болды. Алайда, соттағылардың айтуынша, Оспанов мұндай құқықты пайдаланған жоқ.

Сот бекіткен айыппұлды Оспанов бір айдың ішінде төлеуі тиіс еді, яғни 3 сәуірге дейін. Республиканың 2015 жылы 1 қаңтарда күшіне енген жаңа Қылмыстық кодексіне сәйкес, жасаған қылмысы үшін салынған айыппұлды төлеуден жалтару бас бостандығымен айыру жазасына ауыстырылады.

Еске сала кетейік, Мұрат Оспанов өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте лауазымға ие болу құқығынан айырылған болатын. Оған тиесілі мүліктің барлығы тәркіленеді. Оның ісін қараған судья Ербол Рахымбеков Қазақстан Президентіне Мұрат Оспановты "Құрмет" ордені мемлекеттік марапатынан айыру туралы ұсыныс келтіру қажеттігін де атап өткен болатын.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов "Атырау Жарық" АҚ үшін электр қуатын беру мен тарату тарифін бекітуде делдал арқылы бопсалау жолымен аса ірі көлемде пара алған деп айыпталды. Пара бергені үшін сотта "Атырау Жарық" АҚ мүддесіне қызмет еткен кәсіпкер Арман Ақтай жауап берді, ол шенеунікке пара беруге мәжбүр болғанын айтты. Соттың шешімімен Ақтай қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети