21 қараша 2017 12:13

Павлодарда оқушы қыздарды басып кеткен трамвай жүргізушісіне қатысты сот отырысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерден алынған сурет Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Павлодарда оқушы қыздарды басып кеткен трамвай жүргізушісіне қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодарда оқушы қыздарды басып кеткен трамвай жүргізушісіне қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 жастағы әйелге қатысты іс Павлодардың № 2 қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр.

Қаза болған мектеп оқушысының анасы отырысты оның қатысуынсыз өткізуді сұраған болатын. Себебі анасы екінші қызы Маралға қарауы керек.

Сот мәліметінше, сот отырысында моральдық және материалдық өтемақы мәселесі қаралады. Сот процесі сотталушыдан жауап алудан басталды.

Жүргізуші кінәсін толықтай көлемде мойындады. Айтуынша, ол сол күні демалыстан ауысымға шығып, маршрут бойынша келе жатқан.

"Сағат 7.38-де Ломов - Кутузов көшесімен келе жаттым. Қиылыстан өттім. Сол жерде көлік жүргізушілері бұрылатын жер бар. Сонда көлік жүргізушілер трамвайлардың жолын жиі кесіп өтеді. Сондықтан мен жылдамдықты көбейттім. Оң жақ айнаға қарадым. Көліктердің жоқ екеніне көзім жеткен соң әрі қарай жүре бердім. Бірде жаяу жүргіншілерге арналған жерде екі қыз жүгіріп шықты. Олар екі метр жерден көрдім. Бірден трамвайда тоқтаттым, бірақ ол инерция бойынша әрі қарай жүре берді. Трамвайда адам көп болды, барлығы жұмысқа бара жатыр. Вагон тағы шамамен 15 метр жер жүрді. Трамвай тоқтағанда қыздарға қарай жүгірдім. Екеуі де тірі болды. Бірден жедел жәрдем шақырдық", - деді трамвай жүргізушісі.

Сондай-ақ, ол сағатына 20-23 шақырым жылдамдықпен келе жатқанын айтты. Айтуынша, сол кезде вагонда спидометр жұмыс істемей тұрған.

Келесі сот отырысы енді 30 қарашаға белгіленді. Әзірше зардап шеккен тарап өтемақыға қатысты мәселені шешкен жоқ.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 7 қыркүйекте Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында сағат 7:43-те болған. 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кеткен. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөліміне түскен.

Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған.

Қыздар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады. "Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды", - деп хабарлады мектептегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети