15 маусым 2023 16:51

Павлодарда саяжайлар маңында қураған шөп өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Павлодарда саяжайлар маңындағы құрғақ шөп өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда саяжайлар маңындағы құрғақ шөп өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт саяжай бақтарының бірінің аумағында шыққан. Құрғақ шөптен бөлек, ағаш шаруашылық ғимараттары өртеніп жатыр. Өрт аумағы бір гектарға жетті.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабар 15 маусым күні сағат 14.40-та түскен.

"Сосновый Бор-2" бау-бақшасының маңында құрғақ шөп өртенді. Оқиға орнына 8 қызметкер мен екі өрт сөндіру көлігі жіберілді. Құрғақ шөптің жалпы аумағы 1 гектар. Сондай-ақ 20 метрге дейінгі ағаш қоршау мен үш шаруашылық ғимараты өртеніп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Өртті сөндіру жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети