Павлодар полициясы тәртіп сақшыларының ұсталған ер адамды көліктің артқы жүксалғышына күштеп салып жатқаны жайлы видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Ер адамның ұсталғаны жайлы видео Instagram желісінде жарияланды. Кадрларында полицейлердің ұсталған ер кісендеулі адамды жеңіл көліктің жүксалғышына салып жатқаны бейнеленген. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнында болған әрекет өзінше түсіндіргісі келді. Біреулері бұл оқиғаның Павлодарға кіреберістегі көпірде болған десе, қалғандары Екібастұзда болған деп болжады.
Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер оқиғаның шын мәнінде Павлодарда болғанын растады. "Осы видео бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Видео кадрларындағы адамдардың, қызметкерлердің аты-жөндері және оқиғаның қашан болғаны анықталып жатыр. Бірақ әзірше мұның Павлодарда болғанын айта аламыз", - деді полициядағылар. Олар оқиғаның мән-жайы анықталғанда хабарлауға уәде берді.