12 қаңтар 2016 09:08

Лионель Месси "Алтын доп" жүлдесін бесінші мәрте жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аргентина құрамасы мен "Барселона" клубының форварды Лионель Месси 2015 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын доп" иегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Цюрихте өткен марапаттау рәсімінде өзге аталымдар бойынша жеңімпаздар да анықталды.

Сыйлыққа таласта Месси өз клубтасы Неймардан, мадридтік "Реалдың" форварlы Криштиану Роналдудан озды. Айта кетейік, Роналду "Алтын допты" соңғы екі жылда қатарынан иеленіп жүрген еді.

Бұл жүлде - Мессидің бесінші "Алтын добы" және ол бұл жүледе абсолют көш бастап тұр. Аргентиналық ойыншы тарихта "Алтын доп" жүлдесін бес мәрте (2009, 2010, 2011, 2012, 2015) жеңіп алған тұңғыш футболшы.

Толығырақ Vesti.kz сайтынан оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети