14 маусым 2021 10:28

Матч кезінде жүрегі тоқтап құлаған Эриксен мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Еуропа чемпионатының матчінде жүрегі тоқтап құлаған 29 жастағы ойыншысы Кристиан Эриксен жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Чемпионат" басылымына сілтеме жасап.


Еуропа чемпионатының матчінде жүрегі тоқтап құлаған 29 жастағы ойыншысы Кристиан Эриксен жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Чемпионат" басылымына сілтеме жасап.

"Бәріне рақмет, мен берілмеймін. Қазір жағдайым жақсы, бірақ, не болғанын түсінгім келеді. Баршаңызға маған көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамын", - деді Эриксен La Gazzetta dello Sport басылымына.

Данияның "BT" басылымының ақпараты бойынша, "Интер" құрамасының жартылай қорғаушысы ауруханаға жатқызылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң клуб мүшелеріне хабарлама жіберген.

Эриксен миландық "Интер" футболшыларының WhatsApp-тағы тобына: "Жағдайым жақсы, жақында ораламын деп үміттенемін" деп жазған.

Кристиан Эриксен. © Reuters

Еске салайық, ЕURO-2020 турнирінің сенбідегі Дания және Финляндия арасындағы матчте Эриксеннің жүрегі тоқтап қалып, алыңда құлаған еді. Футболшыға бірден көмек көрсетіліп, кейін оны ауруханаға алып кетті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.43   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети