28 тамыз 2020 14:35

Месси "Манчестер Сити" командасына ауысуға ниет білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ионель Месси. Фото: barcelonafc.ru© ионель Месси. Фото: barcelonafc.ru©

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси ағылшындық "Манчестер Сити" командасына ауысуға ниет білдірді. Бұл туралы "Чемпионат" Вероника Брунати деген тілшіге сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz


"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси ағылшындық "Манчестер Сити" командасына ауысуға ниет білдірді. Бұл туралы "Чемпионат" Вероника Брунати деген тілшіге сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Месси өзінің ниеті туралы ағылшындық команданың бас бапкері Хосеп Гвардиолаға айтқан. "Ақша - проблемма емес. Мен "МС" ойыншысы атанғым келеді", - деген Месси. 

Аргентинкалық футболшы командасы еурододаларға бәсекеге қабілетті болуын қалап отыр. Ал "Барселона" қазір жүлдеге таласа алмайды деп санамайды екен. "Манчестер Сити" командасы болса шабуылшығы екі жылдық келісімшарт ұсынды. Команда келісімшартты тағы бір жылға созуы ықтимал. 

Одан бөлек, "МС" Мессидің құнына алмастыратын үш футболшыны дайындап қойыпты. Сонымен қатар үстінен 100 миллион еуро беруге дайын. 

Месси "Барселонадан" кету туралы ниетін Чемпиондар лигасында "Бавария" командасынан 2:8 есебімен жеңілгеннен кейін білдірді. Бірақ қазір команданың президенті Жозеп Мария Бартомеу капитанды сақтап қалу үшін барлығын жасап жатыр. Тіпті Мессидің команда қалуы үшін ол отставкаға кететінін айтты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети