01 қазан 2015 09:02

Подольски "Астананы" мақтады және Борат туралы әзілін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түріктің "Галатасарай" клубының және Германия құрамасының шабуылшысы Лукас Подольски "Астана" командасымен матчтан кейін қарсылас командасын мақтап, десе де командасының тең ойын көрсеткеніне көңілі толмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Түріктің "Галатасарай" клубының және Германия құрамасының шабуылшысы Лукас Подольски "Астана" командасымен матчтан кейін қарсылас командасын мақтап, десе де командасының тең ойын көрсеткеніне көңілі толмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ойын көңілге қонбады, себебі 1:0 есебімен ұтып тұрдық, кейін 2:1 есебімен алда келе жаттық, бірақ бір ғана ұпай алдық. Үш ұпай алғымыз келген", - деп мәлімдеді Подольски. Оның айтуынша, ол "Астана" командасының қарқынды ойнайтынын күтпеген. "Олар квалификация арқылы топтық кезеңге өтті. Ал бұл кезеңде барлық команда қауіпті. Олар күресті, жүгірді және жақсы ойнады. Олар да ұпай алды. Бірақ біз де ұтылған жоқпыз. Алда әлі төрт ойын бар", - деді Подольски. 

"Меніңше, командасы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққаны еліне өте жақсы деп ойлаймын. Бұл тіпті керемет! Қайталап айтамын, "Астананың" бүгін күрескенін, жүгіргенін Чемпиондар лигасында ұтуға лайық екенін көрсетті", - деді футболшы.

Ол "Допты қабылдағанда барлығының ысқырғанына назарың ауды ма?" деген сұраққа Подольски былай деп жауап қатты: "Мен 25 жылдан бері футбол ойнап келемін. Сондықтан мұндай жағдайға мән бермеймін". 

Сонымен қатар, Подольски Борат туралы әзілді айтып берді. "Әзіл туралы! Мен мұнда бірінші рет келіп тұрған жоқпын ғой. Мен Германия құрамасымен осында келгенмін. Сондықтан бұл жаққа келуде ешқандай қиыншылықтар жоқ", - деді "Галатасарай" форварды.

Еске салайық, "Астана" - "Галатасарай" матчы 2:2 есебімен аяқталды, ал Подольский ойынның антиқаһарманы аталды. Осылайша, Станимир Стойловтың шәкірттері Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бірінші ұпайға ие болып отыр. Келесі матчты "Астана" 21 қазанда Мадридте өткізеді. Қарсыласы - "Атлетико".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети