02 мамыр 2014 19:19

Қазақстандық оқушы Google компаниясының жаңа бағдарламаларын жасайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарас Әлімханов. Сурет: kazpravda.kz Жарас Әлімханов. Сурет: kazpravda.kz

Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Жарас Әлімханов Google Glass бағдарламасына қосымша ойлап тауып, Испанияда өткен халықаралық Through сайысының жеңімпазы атанды, деп жазады  "Казахстанская правда". Енді ол алдағы уақытта компанияның өзге де бағдарламаларына қосымша ойлап табатын мүмкіндікке ие болды.

Сайыста қазақстандық оқушы125 адамның арасында жалғыз өзі ТМД атынан қатысты. Жалпы сайысқа қатысушылардың талабы бірдей болды. Ол - Google Glass бағдарламасына өз қосымшаларын енгізу. 

Өз кезегінде Жарас Әлімханов онлайн режимінде аудио және текстік материалдады аударатын қосымша жасауды ұсынды. Сайыстың ережесіне сай ол өзінің қасына білікті бағдарламашы және дизайнерлерді алып, өзінің қосымшасының қысқаша таныстырылымын көрсетті. Бұл жоба сайыстың төрешілерімен мақұлданып, бірінші орынға ие болды. Енді келісім-шарт бойынша Жарас бастаған бір топ бағдарламашылар Google корпарациясының жаңа жобаларына қатысатын болады. Бұл ұжым енді қайта маусым айында жиналады. 

Айта кетейік, мектеп оқушысы Валенсиядаға өткен халықаралық сайысқа Start Up Weekend  ESIC жаңа технологиялар өндіретін халықаралық компанияның шақыртуымен барған. 

Жарас алдағы уақытта жоғарғы оқу орнына құжаттар тапсырады. Сайыстың ұйымдастырушылары оған әлемнің кез-келген ЖОО тапсыруға мүмкіндік беріп тұр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети