27 ақпан 2015 16:27

Алматыда троллейбустар мен трамвайларға тегін Интернет орнатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©twwtn.com ©twwtn.com

Алматының төрт троллейбусы мен барлық трамвайына тегін Интернет орнатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Алматыэлектротранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспасөз хатшысы ГауҺар Нөкербекова хабарлады. Оның айтуынша, Wi-Fi тегін Интернеті трамвайларда екі күннен бері тест режимінде жұмыс істеп тұр.

Баспасөз хатшысы тегін Интернеті бар көліктердің мемлекеттік нөмірлерін айтты. Көліктердің борт нөмірлері мынадай: 1263, 1212, 1202,1243, бұлар 12, 25, 9 және 6-бағытта жүретін троллейбустар. Айта кетейік, Алматыда 12 бағытта жүретін барлығы 212 троллейбус бар. "Егер тестілеу тәртібі жақсы өтетін болса, троллейбустардың барлығына қосылады. Таяуда автобустарға да орнату жоспарланып отыр", - дейді Нөкербекова. Оның айтуынша, нақты мерзім туралы ақпарат жоқ. 

Алматы қоғамдық көліктеріне жаппай тегін Интернет орнатқан Қазақстандағы ең соңғы қалалардың бірі болды. Бұл тұрғыда Петропавл көш бастап тұр. СҚО облыстық оралығының қоғамдық көліктерін Wi-Fi-мен жабдықтау 2013 жылы желтоқсанда басталды. Ол кезде Интернет нүктелері 20 автобусқа орнатылған еді. Айта кетейік, бұл қалада Қазақстан бойынша алғаш рет ақпараттық таблосы бар инновациялық жылытылған аялдамалар пайда болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети