15 сәуір 2015 11:52

Хакерлер заманауи ұшақтарға әуеде ұшып бара жатқанда шабуылдай алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Хакерлер заманауи ұшақтарға әуеде ұшып бара жатқанда шабуылдай алады. Мұндай тұжырымды Boeing және Airbus әуе лайнерлерінің электроникасын зерттеген америкалық үкіметтік агенттігінің мамандары жасады, - деп хабарлайды NewsRu.com


Хакерлер заманауи ұшақтарға әуеде ұшып бара жатқанда шабуылдай алады. Мұндай тұжырымды Boeing және Airbus әуе лайнерлерінің электроникасын зерттеген америкалық үкіметтік агенттігінің мамандары жасады, - деп хабарлайды NewsRu.com

Мамандардың айтуынша, хакерлердің тарапынан жасалатын шабуылдардан америкалық Boeing 787 Dreamliner және еуропалық Airbus A350 мен A380 сияқты жаңа ұшақтары істен шығуы мүмкін. Мәселен, ұшқыштар кабинасының кейбір электрондық элементтері жолаушылардың жеке экрандардағы ойындары мен Интернетті пайдаланатын Wi-Fi бойынша коммуникациялар немесе сымсыз мәлімет алмасу қызметін қолданады.   

Компьютер қауіпсіздігі жөніндегі мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда авиониктің жұмысына сыртқы ресурстардан араласу мүмкіндігі бар. Сарапшылардың бірі тіпті лайнердің жүйесіне кіретін платформаға жолаушылардың бірінің Интернет арқылы жүктеп алған мәліметтерінен вирус кіруі мүмкін.

Басылымда хакерлердің борттағы компьютердің жұмысына араласу мүмкіндігі бар екендігі жазылған. Хакерлер, осылайша, борттағы компьютерге кіріп, қауіпсіздік жүйесінің немесе навигация жүйесінің, сонымен қатар ұшқышқа берілетін бұйрықтарға бақылау жүргізе алады. Баяндамадағы мәліметке қарағанда, ескірген ұшақтар Интернет арқылы көп қызмет атқармайды, сондықтан олардың жүйесі қауіпті шабуылдардан айтарлықтай қорғаныста, ал бұл 20 жылдан ескі ұшақтардың жүйесіне қол сұғу мүмкіндігі аз деген сөз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети