16 шілде 2014 13:36

11 мың азаматтың шетелде демала алмай қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Sport-express.ua ©Sport-express.ua

11 мың қазақстандық шетел курорттарындағы демалысынан қол үзуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаеваға сілтеме жасап.


11 мың қазақстандық шетел курорттарындағы демалысынан қол үзуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаеваға сілтеме жасап.

"Біздің бағалауымыз бойынша - бұл әзірше ресми мәлімет емес - Atlas Jet компаниясы арқылы ұша алмауы себепті Қазақстанның 11 мыңдай азаматы бүгінде демалысынан айырылып қалғалы тұр", - деді Құрбанбаева брифингте.

Atlas Jet - Қазақстаннан чартерлік рейстерді орындайтын түрік әуе компаниясы. Атышулы "Гульнар тур" туристік компаниясы бұл әуе компаниясынан билеттерді сатып алған. "Туристік маусым қысқа болғанымен, мейлінше сыйымды. Бүгінде қазан айына дейін біздің турагенттіктеріміз туристік компаниялардан белгілі бір көлемде турларды және туристер үшін қазан айына дейін әуе билеттерін сатып алған. Соған байланысты Atlas Jet компаниясының тұрақты тасымалының режимі бұзылды, осы себепті біздің туристерімізге жоспарлаған курорттарына бара алмау қаупі туып тұр", - дейді Құрбанбаева.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети