15 қараша 2022 12:49

20 қарашада елордалықтар қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 қараша, сайлау күні астаналықтар қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады (қалалық және қала маңындағы маршруттар), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


20 қараша, сайлау күні астаналықтар қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады (қалалық және қала маңындағы маршруттар), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"20 қарашада Астана қаласының қоғамдық көлігі қалыпты режимде жұмыс істейді. Бұл күні қалада, қала маңына қатынайтын бағыттарда жол жүру тегін болады. Автобустар әдеттегідей таңғы сағат 6.00-ден 23.00-ге дейін жүреді", - делінген хабарламада.

Ал, 21 қараша, дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік жұмысын жалғастырады. Төлем қолма-қол ақшасыз жасалады.

Айта кетейік, 2020 жылдың наурызынан бастап елорда әкімінің тапсырмасымен қаладағы кәмелетке толмаған тұрғындар үшін тегін жол жүру енгізілді. Осы уақыт ішінде оқушылар 43 миллион сапар жасаған.

Сондай-ақ, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасыларға да жол жүру тегін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети