21 тамыз 2020 17:50

23 тамызда елорда автобустары уақытша қатынамайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда 22 тамызда қоғамдық көлік бұрынғы режимде жұмыс істейді, ал 23 тамызда автобустардың қозғалысы тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің Instagram-дағы аккаунтына сілтеме жасап.

"Жексенбіде, 23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобустар мен автопарктерде ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сенбі күні (22 тамызда) қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Еске сала кетейік, жүргізушілер де соңғы аялдамаларда ылғалды тазалау жасайды", - делінген хабарламада.

Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Қоғамдық көлікке алдыңғы есік арқылы кіру керек. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді - карта, SMS, QR-код.

24 тамыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети