14 маусым 2023 09:07

Абай облысында жоғалған орман шаруашылығы жұмыскері өлімінің себебі аталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©instagram/abai_department_police ©instagram/abai_department_police

10 маусымда жоғалып кеткен Абай облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


10 маусымда жоғалып кеткен Абай облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоғалып кеткен 1987 жылы туған Сергей Архиповтың денесін Абай облысы полиция департаментінің қызметтік иті тапқан.

Ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ, сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде өрттен қаза болғанын көрсететін белгілер табылмаған.

Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адамның өлімі жүрек жеткіліксіздігі - кардиомиопатия нәтижесінде болғаны анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети