17 ақпан 2023 09:03

Әкімдердің жұмыс мерзімін шектеу: Премьер-министр ұсынысқа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттардың (қазір Мәжіліс таратылды) облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің жұмысына 5 жыл мерзім белгілеу туралы ұсынысына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттардың (қазір Мәжіліс таратылды) облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің жұмысына 5 жыл мерзім белгілеу туралы ұсынысына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың әкімдерін мәслихат депутаттарының келісімі бойынша, Президент тағайындайды. Президент өз қалауы бойынша әкімдерді қызметінен босатуға құқылы.

"Ұқсас нормалар "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" конституциялық заңда және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарда бекітілген. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, әкімдерді тағайындау және қызметтен босату Мемлекет басшысының құзыреті", - деп жауап берді Смайылов.

Еске салайық, қаңтарда Мәжіліс депутаттары облыстар мен қалалар әкімдерінің қызмет ету мерзімінде саяси партияларға мүше болуына тыйым салуды және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің өкілетін бір 5 жыл мерзіммен шектеуді ұсынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети