05 қараша 2021 17:37

Ақмола облысында 40 шақырымдық тасжол құрылысы тоқтап тұр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Ақмола облысында "Жақсы-Державинск" тасжолында 40 шақырым жол құрылысы тоқтап тұр. Өңір тұрғындары аяқталмаған жол жұмыстарына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысында "Жақсы-Державинск" тасжолында 40 шақырым жол құрылысы тоқтап тұр. Өңір тұрғындары аяқталмаған жол жұмыстарына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарқайың ауданының тұрғыны Берік Оспанов жол жұмыстары аяқталмаған тасжолды видеоға түсіріп алған. Кадрлардан шұңқырларды, сүрілген жерді көруге болады.

"Ақмола облысы Астрахан тасжолы. Жұмыс бітті. Бірақ мынаны кім аяқтайды. Жарты айдан кейін қар жауады. Жаз бойы ештеңе істемеді. Қыста шұңқырларға қар толса, мүлде жол болмайды", - деді жергілікті тұрғын Берік Оспанов.

Ақмола облысының Автомобиль жолдары басқармасы жұмысты биыл аяқтау қажеттігі туралы мердігерге бірнеше рет талап-арыз жолдағанын хабарлады. Шенеуніктер талапты елемейтін болса, мердігерді сотқа беретіндерін де айтқан көрінеді.

"Ұзындығы 140 шақырым болатын Жақсы-Державинск тасжолы облыстық маңызы бар жол саналады. 2020 жылы 101,5-140 учаскесінде жөндеу жұмыстары басталған. Биыл 9 шақырым жерде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, алайда жұмыс баяу жүруіне байланысты әлі аяқталған жоқ.

Келісімшарт міндеттемелеріне сәйкес, жұмысты толық аяқтау 2022 жылға жоспарланған. Бүгінде айналма жол бар. Биыл жұмыстар аяқталмаса, басшылық қыста айналма жолды ұйымдастырады, жолдарды тазарту жөндеу жұмыстары аясында жүргізіледі", - деді Ақмола облысының әкімдік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети