22 қыркүйек 2015 01:12

Ақтөбеде сатушы әйел Сапарбаевты алдамақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК телеарнасының кадры © КТК телеарнасының кадры

Ақтөбе облысына таяуда ғана әкім болып тағайындалған Бердібек Сапарбаевты қаладағы саудагерлер алдап соқты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Ақтөбе облысына таяуда ғана әкім болып тағайындалған Бердібек Сапарбаевты қаладағы саудагерлер алдап соқты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Телеарнаның мәліметінше, қызметтік көлігін тастап, көшеге жаяу шыққан аймақ басшысының қылығына бұрын мұндайды көрмеген жергілікті жұрт таңданыспен қарапты. Базарға бас сұққанда саудагерлер біраз абдырап қалған. Себебі тексеру келетін болса олар бұрын алдын ала біліп отыратын. Бұл жолы жаңа әкімге саудагерлер етті 850 теңгеден сатып жатқандарын айтып жатқанда өтіріктері шығып қалды. Себебі құн жазылған парақшаның артында 900 теңге деп көрсетілген. Оны бақылаушылар келсе ауыстыра қояды екен. "Рика-ТВ" арнасының мәліметінше, енді мұндай көзбояушылыққа барғандарды аймақ басшысы аямаймын деп отыр.

Облыс басшысы мұндай саудагерлерге айыппұл салынатынын айтып, ескерту жасады. Еске салайық, Бердібек Сапарбаев 11 қыркүйекте Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалған болатын

Дереккөз: КТК телеарнасы 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети