29 қыркүйек 2014 11:03

Алматы қалалық салық департаменті таратылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Үкіметтің қайта жасақталуына байланысты Алматы қалалық салық департаменті таратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Үкіметтің 6 тамызда қайта жасақталғанын еске саламыз.


Үкіметтің қайта жасақталуына байланысты Алматы қалалық салық департаменті таратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Үкіметтің 6 тамызда қайта жасақталғанын еске саламыз.

"Қайта жасақталуға байланысты енді салық департаменті Алматы қаласы бойынша мемлекеттік табыстар департаменті деп аталады. Сонымен бірге, бұл құрылымға қала бойынша кеден департаменті де кіретін болады", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері. Сөйтіп, барлық аймақтық департаменттер де таратылатын болды.

Еске сала кетейік, ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитеті Қаржы министрлігінің Мемлекеттік табыстар комитетіне бірігу арқылы қайта жасақталған болатын. 15 тамыз күні тиісті қаулы қабылданды - жаңа комитетке Дәулет Ерғожин басшы болды. Оған дейін Ерғожин ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Ол әр жылдары Салық комитетін басқарып, Қаржы вице-министрі болды. 2013 жылы рейтингтің қорытындысы бойынша Дәулет Ерғожин Қазақстанның ең жас әрі анағұрлым перспективалы шенеуніктерінің тізімінде төртінші орынды иеленді. 

Айта кетейік, Үкіметтің қайта жасақталуы министрліктер мен комитеттер санының қысқаруына ықпал етті. Үкіметтің жаңа құрылымы 12 министрліктен, 30 комитеттен тұрады, бұрын 17 министрлік, тоғыз агенттік, 54 комитет, 272 департамент болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети