15 ақпан 2023 14:20

Алматыда автобус өртенді: әкімдік өкілдері өрттің жай-жапсарын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы әкімдігі автобустағы өрттің жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі автобустағы өрттің жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Алматыдағы тасжолда автобус өртеніп жатқаны түсірілген видео пайда болды. Кадрларда автобус түгі қалмай өртеніп жатқаны көрінеді.

Әкімдік мәліметінше, жүргізуші техникалық ақауды өзі анықтап, барлық жолаушыға нұсқау бойынша ескерту жасап, адамдарды бірден аялдамадан түсіріп алған.

Осыдан кейін ол автобусты автотұраққа апармақ болған. Әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, автобустың қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққан. Жүргізуші өрт сөндіргішті пайдаланып, өз бетімен өртті сөндіруге әрекеттенген, бірақ біраз уақыттан кейін жарылыс болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері таңғы сағат 8:45-те өртті оқшаулап, 8:50-де өртті толығымен жойды. Мәліметтерге сәйкес, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында құзіретті өкілдер жүр.

"Айта кетейік, өрт стандартты пайдалану мерзімі аяқталуға жақын қалған "ЛиАЗ" автобусында болды. Автопарктің техникалық жағдайын жоспарлы тексеру кезінде осы маркалы автобустардың тозуының жоғары деңгейі анықталды. Осыған байланысты, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында автопарк ескіргендерін ауыстыру үшін жаңа жылжымалы агрегаттарды сатып алуды жоспарлап отыр", - деді әкімдік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети